Қыр 22, 2022 17:45 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғанысқа 42 жыл толуына орай өткен әскери парадта «Резван» баллистикалық зымыраны көрсетілді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштеріне тиесілі «Резван» баллистикалық зымыраны алғаш рет 31 шахривар – Қасиетті қорғанысқа 42 жыл толуына орай имам Хомейни (р.) кесенесінің маңында өткен әскери парадта көрсетілді.

«Резван» зымыраны сұйық отынмен бір кезеңде 1400 км қашықтыққа дейін ұшу қабілетіне ие.  Оның басындағы оқтұмсықты алып-салуға болады.

Қасиетті қорғанысқа 42 жыл толуына орай Қарулы күштердің әскери парады бүгін, бейсенбі Теһранда және Иранның басқа облыс орталықтарында басталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштеріне тиесілі жерден жерге атылатын «Резван» баллистикалық зымыраны алғаш рет 31 шахривар – Қасиетті қорғанысқа 42 жыл толуына орай имам Хомейни (р.) кесенесінің маңында өткен әскери парадта көрсетілді.

Тегтер