Теһран жұма намазының имамы: Халық дұшпандары бүлікті қолдайды
(last modified Fri, 23 Sep 2022 20:50:23 GMT )
Қыр 24, 2022 02:50 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Халық дұшпандары бүлікті қолдайды

Теһран жұма намазының имамы соңғы тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Халық дұшпандары бүлік қолдайды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ахмад Хатами  Теһран жұма намазының өткен саяси діни  уағыздарында  соңғы тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Бір жерлесіміздің қазасы өкінішті, оның отбасына көңіл айтамыз және оларға шыдамдылық тілейміз. Бұл оқиғаны елдің барлық басшылары президент те, сот билігінің басшысы да, заң шығарушы органның басшысы  қатаң қадағалауға алады. Бұл басшылар жүйенің сенімді адамдары. Біз оларға толық сенеміз,  халық та сенеді,  зерттеулер нәтижесі міндетті түрде халыққа хабарланады»,- деп айтты. Ахмад Хатами сөзінің жалғасында: «Баяғыдан бері халық жаулары бүлік іздеді, тақырып іздеді, бірақ қазіргі сценарий шықпағанша, еш нәрсе таппады»,- деді.