Иран халқы бүлікшілерге қарсы шеру өткізді
(last modified Sun, 25 Sep 2022 16:21:11 GMT )
Қыр 25, 2022 22:21 Asia/Almaty

Иран халқы соңғы құрметсіздіктерге жауап ретінде бірауыздан тәртіп күштерін қолдап, діни-революциялық ұрандар айтты.

Соңғы күндерде Құран мен исламдық қасиеттіліктерге құрметсіздік көрсеткен бүлікшілердің әрекеттерін айыптау үшін діни топтар жиын өткізуге шақырылған соң бірнеше облыста «Расулолла үмбетінің үлкен жиыны» атты шеру өтті.   

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, жексенбі Теһранның Еңғелаб алаңында жиын өтті.

Жиынға қатысушылар Алла елшісінің (с.ғ.с.) қайтыс болған және имам Хасан Мұджтабаның (ғ.) шәһид болған күніне орай «Ләббәйк, я, Хұсейн!», «Ләббәйк, я, Хасан!» және «Ләббәйк, я, Расулолла!» деп ұрандатты.

Мазандеранның діндар халқы Расулолла (с.ғ.с.) үмбеті қалыбында облыстың 63 жерінде 3 мың діни-құрани топтардың қатысуымен Ислам революциясының жетекшісіне және ИИР жүйесінің армандарына адалдықтарын жариялау үшін және Құранға құрметсіздік көрсеткен бүлікшілерді айыптау мақсатында үлкен жиын өткізді.

Мұнымен қоса, Решттің бір топ үлемдері мен дінбасылары Алла елшісінің (с.ғ.с.) қайтыс болған күнімен бір мезгілде исламның қасиеттіліктеріне көрсетілген құрметсіздікті айыптап, жиреніш білдірді.

Қазвин, Хамадан, Исфахан мен Шираз халқы да шеруге шығып, Құран, мешіт пен имам Хұсейннің аза туына құрметсіздікті айыптап, бүлікшілерге қатаң қатынас көрсетуді талап етті.