Човушоғлы: Түркия босқындарды жалғыз өзі қабылдауды жалғастыра алмайды
Түркияның Сыртқы істер министрі: «Түркия босқындарға қатысты ашық есік саясатын жалғастыра бергенімен бұл саясатты жалғыз өзі орындай алмайды»,-деп қуаттады.
«Mehr» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында сөйлеген сөзінде: «2005-2014 жылдар аралығында Түркиядағы босқындар саны 6 есеге артты. Бұл ел босқындарды жалғыз өзі қабылдай бере алмайды. «Өз елімізде 2,5 млн сириялық және 200 мың ирактық босқынды паналаттық. Соңғы бірнеше күнде 10 мың сириялық босқын Түркияға кірді.
Сирия мен Ирак азаматтарының заңсыз миграциясы мәселесін шешу адам контрабандасымен айналысатын желілермен күресуге бағытталған халықаралық көмектерді қажет етеді»,-деді. Еуроодақ бұдан бұрын Түркия жеріндегі босқындарды қолдауға арналған қордың көмегімен Анкараға 3 млрд еуро көмекақы төлеуге келісті.