Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің жұмысшыларды қабылдауында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі америкалықтар Иранға түрлі санкциялар салуға табандылық танытып, «Иранға үрке қарау» саясатын қалыптастыру арқылы іс жүзінде елдің шет мемлекеттермен экономикалық әріптестігіне кедергі келтіруге күш салуда" деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи «Жұмысшы» апталығына байланысты Иранның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жұмысшыны қабылдауында америкалықтардың банк істеріне кедергі келтіруін Иранның Америкаға оң көзқарасқа ие болмауының ашық үлгісі деп атап: «Әлемдегі ірі банктердің Иранмен ынтымақтастық жасауға әзір болмауының себебі америкалықтар қалыптастырып оны жалғастырып отырған «Иранға үрке қарау» саясаты болып табылады» деді.
Ол америкалық қайраткерлердің Иранға қарсы санкцияларды сақтау жөніндегі мәлімдемесіне меңзеп: «Олар «Иран лаңкестікті қолдаушы ел болып табылады. Лаңкестікке қолдау көрсетуіне байланысты санкцияға ұшырауы мүмкін» дейді. Бұл Иранмен әріптестік жасамаңдар дегенді білдіреді. Нәтижесінде іс жүзінде шетелдік банктер мен инвесторлар Иранмен әріптестік жасаудан қорқады. Америкалықтар ең сорақы лаңкестер болып табылады. Қолда бар мәліметтер бойынша олар атақты лаңкестерге одан әрі көмек көрсетіп жатыр. Америкалықтар шет мемлекеттердің Иранмен ынтымақтастық жасамауының себебін Иранның ішкі жағдайымен байланыстырады. Бірақ қазір аймақта Ираннан қауіпсіз ел жоқ. Иранның ішкі жағдайы, күніне бірнеше адам қаза табатын Американың өзінен, тіпті еуропалық елдерден әлдеқайда қауіпсізірек. Иранның ішкі жағдайы өте жақсы» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иран ислам республикасының Американың дұшпандығына қарамастан соңғы 37 жыл бойындағы ілгерілеушілігіне тоқталып: «Егер осы дұшпандық жүз жылға созылса да ілгерілей береміз» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ жұмысшылар қоғамының революция және ислам республикасы жүйесіне адалдығы мен қадамының тұрақтылығына алғыс білдіріп, жұмысшылар қоғамының қиыншылықтарын шешудің, ішкі өндірісті күшейтудің, тауар контрабандасына шынайы түрде тосқауыл қоюдың қажеттілігі мен Иранның өзінде бар тауарларды шетелден импорттауға тыйым салуды қуаттады.