Иран мен Қытай арасында цитрус жемістерін экспорттау туралы меморандумға қол қойылды
(last modified Fri, 30 Sep 2022 11:58:30 GMT )
Қыр 30, 2022 17:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай арасында цитрус жемістерін экспорттау туралы меморандумға қол қойылды

Алғаш рет Иран мен Қытай арасында ешбір экспорттық шектеусіз цитрус жемістерін экспорттау туралы меморандумға қол қойылды.

Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі: "Иран тарихында алғаш рет Қытаймен арада ешбір экспорттық шектеусіз цитрус жемістері, соның ішінде апельсин мен тəтті лимон экспорттау туралы меморандумға қол қойылды",-деп мәлімдеді.

Бруманди сондай-ақ елден жылына 200 мың тонна киви экспортталатынын хабарлады. Киви көбіне Мазандеран мен Гилан облыстарында өседі.