Мохбер: Каспий маңындағы елдер Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге бел байлауда
(last modified Wed, 05 Oct 2022 15:03:44 GMT )
Қаз 05, 2022 21:03 Asia/Almaty
  • Мохбер: Каспий маңындағы елдер Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге бел байлауда

Иранның Вице-президенті Каспий жағалауындағы елдердің Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге бел байлағанын мәлімдеді.

 

Бүгін, сәрсенбі күні Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің шақыруымен Мұхаммад Мохбар жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап, екінші Каспий экономикалық форумына қатысу үшін Теһраннан Мәскеуге аттанды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Вице-президенті сапар алдында елі мен Ресейдің қарым-қатынасын жақын және жылы деп бағалап: «Әсіресе 13-ші үкіметтің көрші елдермен және аймақпен қарым-қатынастарды ілгерілету және дамыту үшін қабылдаған жаңа стратегиясына сай Теһран мен Мәскеудің қарым-қатынастары соңғы бір жылда сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларында елеулі және оң өзгерістерге ие болды»,- деді. Мохбер екінші Каспий экономикалық форумының маңыздылығына тоқталып: «Бұл саммиттің Каспий жағалауындағы елдер үшін құқықтық, экономикалық және экологиялық мәселелер тұрғысынан да маңызы зор»,- деп айтты.