Сардар Фадави: Дұшпандар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға талпынып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i64530-Сардар_Фадави_Дұшпандар_исламдық_Иранның_қауіпсіздігін_бұзып_бейберекеттік_орнатуға_талпынып_жатыр
Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Иранның кейбір қалаларында болған тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Бұл арандатушылықта дұшпандардың барлығы Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға күш салып жатыр»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 06, 2022 16:06 Asia/Almaty
  • Сардар Фадави: Дұшпандар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға талпынып жатыр

Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Иранның кейбір қалаларында болған тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Бұл арандатушылықта дұшпандардың барлығы Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға күш салып жатыр»,-деді.

Сардар Фадави Заһедандағы бүлікте қаза болғандарды еске алу рәсімінде: «Ислам республикасының қасиетті жүйесінің барлық органдары дұшпандарға Иран халқының қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу үшін 43 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келеді»,-деді.

Сардар Фадави: «Иран халқының қырағылы мен әскери және қауіпсіздік күштерінің айбыны арқасында дұшпандар осы күнге дейін елде бейберекеттік тудыруға бағытталған бірде-бір сұрқия мақсатына жетпеді»,-деді.