Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Үстемшілдер əлемі - АҚШ, сионистік режим жəне тəкфиршілер хақ жəне əділетпен бітіспес соғыс жүргізіп жатыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында: "Басты мəселе мынау: Үстемшілдер əлемі - АҚШ, сионистік режим жəне тəкфиршілер хақ жəне əділетпен бітіспес соғыс жүргізіп жатыр. Иранда дін байрағы көтерілгелі бері үстемшілдер осы елге қарсы қастандық, қиянат пен қылмыс жасауды күн тəртібіне қойды. 43 жылдың ішінде дұшпан бір күн де жауластығын азайтпады",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, бұл оқиғаларда сылтаулар мен қосалқы мəселелер де, бірқатар түбегейлі мəселелер де бар. Бұған көңіл бөлу керек",-деді.