Сот-медициналық сараптама орталығы Махса Аминидің қаза болу себебі жайлы мəлімдеме жасады
(last modified Fri, 07 Oct 2022 17:31:02 GMT )
Қаз 07, 2022 23:31 Asia/Almaty
  • Сот-медициналық сараптама орталығы Махса Аминидің қаза болу себебі жайлы мəлімдеме жасады

Сот-медициналық сараптама орталығы мəлімдеме жасап, Махса Аминидің қаза болу себебін ми гипоксиясы  (миға оттегінің жетпеуі) деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сот-медициналық  сараптама орталығы жұма күні мəлімдеме жасап, Махса Аминидің қазасы туралы: "Медициналық құжаттар, ми мен өкпе флюорографиясы, сыртқы тексеріс жəне паталогоанатомиялық жəне травматологиялық зерттеу нəтижесіне сəйкес Махса Амини басы мен денесіне соққы тиюден қаза таппаған",-деді.

Мəлімдеменің жалғасында "Жедел жәрдем қызметкерлері Махсаға тыныс алу аппаратын қосқан.  Бірақ ол көмектеспеген. Махса Амини "Касра" ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің талпыныстарына қарамастан, ми гипоксиясы салдарынан 16 қыркүйекте қайтыс болды" делінген.