Амир Вахеди: Айбынды әуе күштері кез келген қоқан-лоққыға қарсы тұруға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i64630-Амир_Вахеди_Айбынды_әуе_күштері_кез_келген_қоқан_лоққыға_қарсы_тұруға_дайын
Иран армиясы Әуе күштерінің қолбасшысы: «Айбынды әуе күштері жоғарыдан тиісті бұйрық берілсе, кез келген қоқан-лоққыға қарсы тұруға және кез келген миссияны орындауға дайын»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 10, 2022 14:23 Asia/Almaty
  • Амир Вахеди: Айбынды әуе күштері кез келген қоқан-лоққыға қарсы тұруға дайын

Иран армиясы Әуе күштерінің қолбасшысы: «Айбынды әуе күштері жоғарыдан тиісті бұйрық берілсе, кез келген қоқан-лоққыға қарсы тұруға және кез келген миссияны орындауға дайын»,-деді.

Бригада генералы Амир Вахеди Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыру туралы соңғы баяндамасына тоқталып: «Елдің дамуы тұрақты қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Қазір әуе күштері өзінің жауынгерлік қуатын одан ары арттырып, ел ішінде өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпынып жатыр. Осы күнге дейін бұл салада айтарлықтай жетістіктерге жетті»,-деді.