Парсы шығанағы мұражайында Иранның тарихы мен өркениеті көрсетілді
(last modified Tue, 11 Oct 2022 10:54:07 GMT )
Қаз 11, 2022 16:54 Asia/Almaty

Бушер, Хормозган және Хузестан үш облысының құнды тарихи заттары мен құжаттары Парсы шығанағы аймақтық мұражайы деп аталатын тарихи және ескі ғимаратта сақталады.

 

Парсы шығанағы аймақтық мұражайы Бушердегі Иранның оңтүстігіндегі ең үлкен мұражай болып табылады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парсы шығанағының аймақтық мұражайы тарих сүйер қауым мен туристер үшін Парсы шығанағы аймағының өркениетін, тарихы мен мәдениетін таныстырып келеді.

Парсы шығанағы аймақтық мұражайы Парсы шығанағы аймағының экологиясы, тарихы және антропологиясымен айналысады.