Путин: НАТО әлемнің көп елдерінің ісіне араласып отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i64726
Ресей Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдер басшыларының отырысында: «НАТО әлемнің көп елдерінің ісіне араласып отыр»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 13, 2022 23:24 Asia/Almaty
  • Путин: НАТО әлемнің көп елдерінің ісіне араласып отыр

Ресей Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдер басшыларының отырысында: «НАТО әлемнің көп елдерінің ісіне араласып отыр»,-деді.

Russia Today ақпарат арнасының хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин CICA-ға мүше елдер басшыларының отырысында: «НАТО-ның әлемнің көптеген аймақтарына араласуына қарсы күресу үшін жаһандық шара қолдану керек»,-деді.

Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктов ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің қауіпсіздігі сақталатын болса, Мәскеу Украина қақтығысын дипломатиялық жолдармен шешуді қолдайтынын айтып: «Мәскеу Украинаның НАТО-ға мүше болу туралы өтінішін қабылдай алмайды. Бұл үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болды»,-деді.