Евин оқиғасы салдарынан тағы 4 тұтқын қаза тапты
https://itolqyn.com/news/iran-i64826-Евин_оқиғасы_салдарынан_тағы_4_тұтқын_қаза_тапты
Иран Жоғары сотының баспасөз қызметі Евин оқиғасы салдарынан тағы 4 тұтқынның қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 17, 2022 14:42 Asia/Almaty
  • Евин оқиғасы салдарынан тағы 4 тұтқын қаза тапты

Иран Жоғары сотының баспасөз қызметі Евин оқиғасы салдарынан тағы 4 тұтқынның қаза тапқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Жоғары сотының баспасөз қызметі өз мәлімдемесінде медициналық күтімге қарамастан Евин оқиғасы салдарынан тағы 4 тұтқынның қаза тапқанын хабарлап: «Ауруханада жағдайларының ауырлығына байланысты қайтыс болған төрт адамды қосқанда түрмедегі тұтқындардың бір-бірімен қақтығысы мен өрттен қаза тапқандар саны сегізге жетті»,-деді.

Мәлімет бойынша, қаза болғандардың бәрі ұрлық жасады деген қылмыспен түрмеге қамалған еді.