Қаз 17, 2022 15:47 Asia/Almaty

ИИР Президенті АҚШ-тың соңғы уәждеріне реакциясында: «АҚШ Президентінің Ирандағы бүлік, террор мен тынышсыздықтарды қолдай сөйлегені адам құқығы, қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдаймыз деген уәждерінің тағы жалған екенін дәлелдеді»,-деді.

ИИР Президенті Джо Байден сенбі күні өз мәлімдемесінде: «Ирандықтардың Махса Аминидің өліміне реакциясы таңданыс тудырады»,-деді.  

Байден сондай-ақ: «Бұл наразылықтар ұзақ уақыт сөнбейтін бірдеңені оятты»,-деп уәж айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Министрлер кабинетінің жексенбі күнгі отырысында аймақтағы бүліктер, террорлар мен наразылықтардың астарынан АҚШ-тың рөлін көруге болатынын айтып: «АҚШ-тың Палестинада сионистік режимнің 70 жыл бойы жасаған қылмыстарын қолдауы және америкалықтардың 20 жыл бойы Ауғанстанға басқыншылық жасауы – осы ел әрекеттерінің үлгісі»,-деді.  

Тегтер