Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілінің мәлімдемесіне реакция білдірді
Қаз 18, 2022 19:39 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілінің «Еуропа – бақ, қалған жер – орман» деген мәлімдемесіне реакция білдірді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Канани Чафи Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Жозеп Боррелдің Еуропаны бақ, ал әлемнің қалған бөлігін орман деп айтқан мәлімдемелеріне реакция білдіріп, Twitter-де: «Бақ/орман метафорасы – Батысқа шабуыл жасап, басып алуға рұқсат ететін қабылданбайтын отаршылдық менталитет. Ол дәуір аяқталып, әлем көпполярлы жүйе қадыптасуда. Еуропалық Одақ фактілерді қабылдауы керек, әйтпесе құлдырау жолын жалғастырады»,- деп жазды.