Киш INOX 2022 – Иранның ең ірі экономикалық оқиғасы
https://itolqyn.com/news/iran-i64870-Киш_inox_2022_Иранның_ең_ірі_экономикалық_оқиғасы
Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Киш аралында 14-ші инвестициялық мүмкіндіктерді енгізу көрмесі және 9-шы халықаралық қор биржасы, банк, сақтандыру және жекешелендіру көрмесі (INOX 2022) өтуде.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 18, 2022 19:51 Asia/Almaty
  •  Киш INOX 2022 – Иранның ең ірі экономикалық оқиғасы

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Киш аралында 14-ші инвестициялық мүмкіндіктерді енгізу көрмесі және 9-шы халықаралық қор биржасы, банк, сақтандыру және жекешелендіру көрмесі (INOX 2022) өтуде.

 

Киш INOX 2022  Ирандағы ең ірі экономикалық оқиғалардың бірі болып табылады. 250-ге жуық жеке және мемлекеттік компаниялар соңғы қаржылық жетістіктерін 14-ші инвестициялық мүмкіндіктер көрмесінде және 9-шы Киш халықаралық қор биржасы, банк, сақтандыру және жекешелендіру көрмесінде көрсетті.

Бұл мамандандырылған экономикалық іс-шара және қаржылық инновациялар экономикалық белсенділерді, студенттерді және әртүрлі экономикалық және қаржылық компаниялардың өкілдерін 2022 жылдың 17-20 қазан аралығында төрт күн бойы Киш аралындағы халықаралық конгресс орталығында жинайды.