Кешмде "Парсы Шығанағы: мүмкіндіктер мен түйткілдер» атты халықаралық халықаралық форум өтті
«Парсы Шығанағы: мүмкіндіктер мен түйткілдер» атты халықаралық форум отандық және шетелдік зерттеушілер мен ұстаздардың қатысуымен Иранның оңтүстігінде Кешм аралында өтті.
1622 жылы португалиялық отаршылдарды Урмуз бұғазынан қуып шығарудың құрметіне орай 29- шы сәуір Парсы Шығанағының ұлттық күні деп аталған.
Парсы Шығанағының геосаяси, тарихи, құқықтық тұрғысынан рөлі мен мәртебесін қуаттау және Иранның осы халықаралық су өткеліне 2500 жылдан астам билік жүргізуі форумның ең маңызды бағдарламаларының қатарын құрады.
Осы форумға Ирак, Бахрейн елдерінің өкілдері, сондай- ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы «UNESCO» комитетінің төрағасы қатысып, Ұлыбританияның Парсы Шығанағына жасанды ат қоюдағы ықпалы, Парсы Шығанағындағы археологиялық жұмыстар, осы халықаралыық су өткелінің мұрасы, сондай- ақ ирандықтардың теңіз саяхаты туралы тақырыптарда сөз сөйледі.
Ирантану қорының төрағасы аятолла сейіт Мұхаммад Хаменеи осы форумда сөйлеген сөзінде: «Парсы Шығанағы саяси және экономикалық су өткелі болып табылады. Оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлемнің қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.
Тарих үкімі бойынша бүгінде бүкіл әлем қабылдайтын халықаралық құқықтың растауымен Парсы Шығанағы осыдан 2500 жылдан бері Иранның атымен танылған.
Осы су өткелінің миссиясы халықтың қауіпсіздігі мен жағдайын қамтамасыз ету және жоғарылату болып табылады. Оны ең тиімді түрде пайдалану керек» деді.