Амир Абдоллахиан: Иран санкцияларды жою бойынша келіссөздерде америкалық тарапқа жеңілдік бермейді
(last modified Sat, 22 Oct 2022 13:27:35 GMT )
Қаз 22, 2022 19:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Иран санкцияларды жою бойынша келіссөздерде америкалық тарапқа жеңілдік бермейді

Иран Сыртқы істер министрі: «Иран логика аясында, ИИР-ның қызыл сызықтарын сақтауда және санкцияларды жою келіссөздерінде АҚШ жағына ешқандай жеңілдік бермейді»,- деді.

 

Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Ереванда журналистермен сұхбатында Иранға қарсы задым санкцияларды алып тастау келіссөздер барысы және АҚШ қайраткерлерінің санкцияларды жою туралы келіссөздер күн тәртібінен тыс қалғаны туралы мәлімдемелеріне қатысты: «Америкалықтардың сөздері мен әрекеттері қарама-қайшы. Үш күн бұрын америкалықтардан хабарлама келді. Иран Агенттіктің айыптауын шешу керектігін мәлімдеді»,- деп айтты. Амир Абдуллахиан америкалықтардың Ирандағы өткен күндердің мәселелеріне саяси және психологиялық қысым жасау арқылы келіссөздерде ұпай жинауға тырысуына тоқталып: «Кез келген келіссөзде американдық тарапқа ұпай берілмейді»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Иран мен Армения арасындағы сауда ынтымақтастығының артқанын жариялап, сауда алмасуды 3 миллиард долларға жеткізудің көзделуіне назар аудартты.