Сарагаһ ауылының күзгі табиғаты
Қаз 24, 2022 02:27 Asia/Almaty
Гилан облысындағы Сарагаһ ауылы таңғажайып табиғатына байланысты туристердің назарына алынған.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сарагаһ туристік ауылы Иранның солтүстігіндегі Гилан облысының Талыш ауданында әдемі көлдің жағасында орналасқан. Күзде ауыл тау ортасында асыл тастай жарқырайды.
Сарагаһ ауылында күрішпен қоса басқа да егіс өнімдері өсіріледі. Бұлақтары көп ауылдың табиғаты күз кезінде көзтартарлық.
Көлдің маңында Талыш ну орманы орналасқан. Онда жеміс ағаштары, соның ішінде қара өрік, жабайы таңқурай, мушмула мен сары өрік өседі.
Сарагаһ ауылындағы күріш алқаптары сурет сияқты әдемі, жанды жадыратып, тыныштық сыйлайды.
Тегтер