Иранда ДНК мен РНК-ны анықтайтын нанотехнологиялық жинақтар өндірілді
(last modified Mon, 24 Oct 2022 14:57:52 GMT )
Қаз 24, 2022 20:57 Asia/Almaty
  • Иранда ДНК мен РНК-ны анықтайтын нанотехнологиялық жинақтар өндірілді

Бір ирандық компанияның директоры ирандық зерттеушілердің талпынысы арқасында әртүрлі материалдан ДНК мен РНК-ны анықтайтын нанотехнологиялық жинақтар (тестерлер) өндірілгенін хабарлады.

«Рунаш Технология Парс» компаниясының директоры Амир Ширализада Дезфули: «Қазіргі таңда Ирандағы зертханалардың көбінде скрининг жасап, ДНК мен РНК-ны анықтау үшін ұзақ әрі қымбат тәсілдер қолданылады»,-деді.

Ширализада Дезфули: «Біздің компания жасап шығарған тестерлер шетелдік аналогтармен салыстырғанда 70 пайызға арзан және ДНК мен РНК-ны жоғары жылдамдықпен  анықтай алады»,-деді.