Раиси Ирактың жаңа Премьер-министрін құттықтады
Қаз 28, 2022 19:36 Asia/Almaty
ИИР Президенті Ирактың жаңа премьер-министріне жолдауында оны жауапкершілікті мойнына алуымен және үкіметтің құрылуымен құттықтады.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси бүгін, жұма күні Мұхаммад Шиа Суданиге жолдауында премьер-министрдің маңызды жауапкершілігін мойнына алуымен және Өкілдер палатасының сенім дауысымен Ирак үкіметін құруымен құттықтады. Раиси Ирактың өсіп-өркендеуі жолында жаңа үкіметке табыс тілей отырып: «Ирак абадталған, тәуелсіз және күшті болуы оң және сындарлы рөл атқара отырып, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиімді бола алады»,- деп баса айтты.
Тегтер