Иранның өнеркәсіп астанасында ең ірі экономикалық көрме өтті
(last modified Sat, 29 Oct 2022 11:47:06 GMT )
Қаз 29, 2022 17:47 Asia/Almaty

Орталық облысының 15-ші мамандандырылған өнеркәсіп көрмесі Ирандағы кейбір шет мемлекеттердің елшілерінің қатысуымен Арак қаласында (Иранның өнеркәсіптік астанасы) Иранның ең ірі экономикалық бас қосуы ретінде өтті.

Iran Press-тің хабарлауынша, 200-ден астам отандық және шетелдік қонақтардың қатысуымен Орталық облысының өнеркәсібінің 15-ші мамандандырылған көрмесі ағымдағы жылдың 25-28 қазанында төрт күн бойы ирандық және сыртқы экономикалық белсенділер мен олардың ішінде кейбір шет елдердің Ирандағы елшілерін қабылдады. Куба, Никарагуа, Бангладеш, Сенегал, Уганда және Қазақстанның Ирандағы елшілері Арак өнеркәсібінің осы мамандандырылған көрмесін аралап, Иранның ірі өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастық етуді қуаттады.