Күздің сары жапырақтары арасындағы қызыл жақұт
Қаз 31, 2022 18:38 Asia/Almaty
Иранда анар жинау науқаны басталды. Анар күздің сары жапырақтары арасындағы қызыл жақұт іспеттес.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Исфахан облысында орналасқан Шахреза ауданының имамзада сейіт Әли Акбар (ғ.) ауылы діни туризммен қоса, дәмі мен түсі тұрғысынан ең сапалы анарға ие болуына байланысты Исфахан мен Иранда анар өсіру полюсі саналады.
Шахреза ауданындағы күзгі жұмыстардың бірі – анар жинау науқаны. Тарихи үйлер мен анар бақтары кез келген туристке өшпес естелік сыйлайды.
Имамзада сейіт Әли Акбар (ғ.) ауылындағы 50 га анар бағынан жылына 30 тонна қара дәнді анар жиналады. Бұл ауыл Иранда анар өндіретін ең маңызды полюстердің бірі саналады.
Тегтер