Канани: Бақта отырмыз дейтіндер Шахшырақта жасалған лаңкестік қылмысқа қатысты үнсіз қалды
(last modified Mon, 31 Oct 2022 14:38:28 GMT )
Қаз 31, 2022 20:38 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Шираздың Шахшырақ кесенесінде жасалған лаңкестік қылмысқа тоқталып: "Өздерін бақта, өзгелерді орманда отыр деп санайтындар осы қылмысқа қатысты үнсіз қалды",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні тілшілермен өткен баспасөз отырысында: "Бақта отырмыз дейтіндер Шираздағы лаңкестік қылмысқа келгенде әйел құқығы, адам құқығы мен бала құқығын ұмытты. Екіқырлы сөздермен пікір білдіріп, тақырыптан оп-оңай аттап өте шықты",-деді.

Канани: "Олар қатыгездік, бүлік, арандатушылық және осындай ащы лаңкестік әрекеттердің туындауында өздерінің рөлі барын ұмытып, бұған жауапты екенін сезбейді",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сардар Қасым Солейманидің лаңкестікке қарсы күрестегі рөлін мадақтап: "Егер Иран мен оның атақты сардары ДАИШ-ке қарсы күреспегенде, адам құқығын қорғаушымыз деп айтатын елдер әлі күнге дейін осы топтың қылмыстарымен алысып жататын еді",-деді.

Канани сондай-ақ Батыс елдері мен Канаданың 12 сыртқы істер министрінің мәлімдемесі және Иранның ішкі мәселелеріне араласуы туралы сұраққа жауабында: "Іріткі салып, ішкі іске араласу сипатындағы мұндай сөздер жалған әрі екіжүзді",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Әйелдердің құқығы жайлы сөз сөйлейтіндер АҚШ үкіметінің біржақты санкцияларына және Еуропа елдерінің оларды қолдағанына неге назар аудармайды",-деді.

Канани Иранда әйел құқығының заңға ғана емес, ирандық мәдениет пен тарихқа сүйенгенін айтып: "Ирандық-исламдық мәдениетте әйелдердің орны ерекше",-деді.