Қар 02, 2022 20:18 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі жүздеген оқушылармен кездесуінде соңғы бірнеше аптадағы бірлескен соғыста АҚШ, сионистік режим, кейбір арамза еуропалық державалар мен кейбір топтардың Иран халқына соққы беру үшін барлық мүмкіндіктерін майданға шығарғанын, бірақ халық олардың сәтсіздікке ұшыратқанын қуаттады.

 

Ислам революциясының  жетекшісі бүгін,  сәрсенбіде  13 абан  – Жаһандық үстемшілдікпен күресудің ұлттық күні қарсаңында  бұл күнді АҚШ зұлымдықтарының және оның осалдығы мен жеңілу мүмкіндігінің көрінісі деп атап: «Америкалықтар мен американдық ұстаным осы маңызды және  күнге ашулы, өйткені бұл күн АҚШ зұлымдықтарының  және осалдығы мен жеңілу мүмкіндігінің көрінісі әрі дәлелі»,- деді.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  аятолла Хаменеи осы күндері америкалық саясаткерлердің Иран ұлтын қолдау туралы сөздерін ұятсыздық пен екіжүзділіктің шыңы деп атап: «Ядролық ғалымдарды өлтіруші сионистерді қолдадыңдар және Иран халқының АҚШ пен басқа елдердегі миллиардтаған долларлық мүлкін жауып,  Иран халқын өз активтерін өз проблемаларын азайту үшін пайдаланудан айырдыңдар. Иранға қарсы оқиғалардың көбінде  сендердің қатысты болуларын белгілі. Сөйтіп отырып, толық арсыздықпен   өтірік айтып, Иран халқына жанашырлық білдіресіндер. Бірақ Иран халқы мұндай қастықтардың көбін залалсыздандырды»,- деп айтты. Аятолла Хаменеи кешегі Америка мен бүгінгі Американың тағы бір айырмашылығын Американың құлдырау үрдісіне қатысты әлемдегі көптеген саяси сарапшылардың ортақ пікірі деп атап: «Бұл айқын құлдыраудың белгілерін АҚШ-тың экономикалық, әлеуметтік және моральдық салалардағы бұрын-соңды болмаған ішкі проблемаларынан, сондай-ақ АҚШ-тың қанды ішкі қайшылықтарынан көруге болады. Бұл қателіктердің мысалы ретінде АҚШ-тың 20 жыл бұрын Талибанды жою үшін Ауғанстанға жасаған шабуылын келтіруге болады. Бұл шабуыл көптеген қылмыстар мен өлтірулермен қатар жүрді. Бірақ 20 жылдан кейін мәселені дұрыс түсінбеу салдарынан олар Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болды және бұл елді Талибанға берді»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи Иракқа жасалған шабуылды және көздеген мақсаттарға жете алмауды америкалықтардың есеп қателігінің тағы бір мысалы деп тауып: «Басынан бастап АҚШ америкалықтарды немесе олардың  қол астындағы адамдарды тағайындауға ұмтылды.  Ирактағы қазіргі жағдай және Ирак саясаткерлерінің сайлаудың басында болуы ешқашан олар қалағандай болмады. Олар бұл жерде де сәтсіздікке ұшырады»,- деді.

Аятолла Хаменеи Американың елдегі соңғы бірнеше аптадағы тәртіпсіздіктердегі айқын рөліне сілтеме жасап: «Барлау министрлігі мен Сақшылар корпусы Барлау ұйымының тәртіпсіздіктер туралы бірлескен мәлімдемесі маңызды мәліметтер мен жаңалықтарды қамтыды және дұшпанның Теһран мен үлкенді-кішілі қалалар үшін жоспар-жобаларын көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясының  жетекшісі  Шаһшырақ оқиғасы мен адамдар мен балаларды өлтіруді үлкен қылмыс деп атады және бұл қылмыстарды жасағандар анықталып, кімнің бұл қылмыстарға қатысқаны дәлелденсе, сөзсіз жазаланатынын қуаттады. Аятолла Хаменеи адам құқықтарын талап етушілердің осы қылмыстарға қатысты үнсіздігіне сілтеме жасап: «Неліктен адам құқықтарын талап етушілер Шираз оқиғасын айыптамады және неліктен олар шындыққа жанаспайтын жалған істі ғаламторда мыңдаған рет қайталайды?»- деді.