13 абан шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
Қар 04, 2022 16:03 Asia/Almaty
13 абан шеруіне қатысушылар арандатушылар және бүлікшілермен үздіксіз күресу керегін баса айтты.
13 абан шеруіне қатысушылар осы шерудің қорытынды мәлімдемесінде Мәжіліс, үкімет пен сот органдарының революциялық шараларын қолдайтынын жариялап, арандатушылар және бүлікшілермен үздіксіз күресу керегін баса айтып, жауапты басшылардан соңғы наразылықтарды бүлікшілерден бөлек деп тауып, сын-пікірлерді баяндауға заңды шешім жолдарын ұсынуды сұрады. 13 абан шеруінің қорытынды мәлімдемесінде Шираздағы хазірт Ахмад бен Мұсаның (ғ.) кесенесінде болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар еске алынып: «Бұл қанды қылмыс пен соған қатысты адам құқығы қорғаушымыз деп уәж айтушылардың үнсіздігі үстемшіл АҚШ-тың кегі мен жауыздығының тереңдігін көрсетеді. Бұл исламдық Иранның ұлы халқына қарсы соғысқұмар дұшпан мен олардың сатқын, надан әрі ғапыл жалдамаларының белгісі болып отыр»,-делінген. 13 абан шеруінің қатысушылар оқу орындарында арандатушыларға қарсы қырағы да табанды күресіп жатқан жауакершілігі мол оқушылар, студенттер мен ұстаздарға және Ислам революциясының екінші қадамының алғы шебіндегілерге алғыс айтты.Тегтер