БҰҰ Жарғысын қорғау жөніндегі достар тобының отырысы  Теһранда басталды
(last modified Sat, 05 Nov 2022 08:51:26 GMT )
Қар 05, 2022 14:51 Asia/Almaty
  • БҰҰ Жарғысын қорғау жөніндегі достар тобының отырысы  Теһранда басталды

БҰҰ Жарғысын қорғау жөніндегі достар тобының ұлттық үйлестірушілерінің отырысы ИИР Сыртқы істер министрінің қатысуымен Теһранда басталды.

 

 

БҰҰ  Жарғысының Достары тобы 2021 жылы 19 елдің, соның ішінде Иранның қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының артықшылығы мен жарамдылығын сақтау, ілгерілету және қорғау мақсатында құрылды. Бұл топқа Алжир, Ангола, Беларусь, Боливия, Камбоджа, Қытай, Куба, Солтүстік Корея, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Иран, Лаос, Никарагуа, Палестина, Ресей, Сент-Винсент және Гренадин аралдары, Сирия, Венесуэла және Зимбабве кіреді. Достар тобының мүшелерінің пікірінше,  біржақты мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде тәуелсіз елдерге қарсы санкциялар қолдану және олардың ішкі істеріне араласу халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын бұзып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың жалпы және жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрудағы күш-жігерін күрделі мәселелерге тіреді.