Иранның валюталық қоры 13 миллиард долларға өсті
(last modified Sat, 05 Nov 2022 09:13:47 GMT )
Қар 05, 2022 15:13 Asia/Almaty
  • Иранның валюталық қоры 13 миллиард долларға өсті

Халықаралық валюта қоры өз есебінде Иранның валюталық қорының өткен жылмен салыстырғанда 13 миллиард долларға артқанын және бұл көрсеткіштің келер жылы да артуы күтілетінін хабарлады.

 

Халықаралық валюта қоры Иранның валюталық қорын 122 миллиард доллар деп жариялады. Осыған сәйкес, ИИР Батыс Азия, Солтүстік Африка және Орталық Азия аймағындағы валюта қорының үшінші иесі болып табылады. Халықаралық валюта қоры да Иранның қолда бар валюта қорын 30 миллиард 800 миллион доллар деп бағалап, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13 миллиард долларға өсті. Осы есеп бойынша, Иран Батыс Азия аймағы елдерімен салыстырғанда валюта қорының құны бойынша үшінші орында және тек Сауд Арабиясы мен БАӘ-де Ираннан көбірек валюта қоры бар.