Қар 07, 2022 15:00 Asia/Almaty

Иран Қорғаныс министрі: «Бавар 373» кешені баллистикалық зымырандарға қарсы тұру қабілетіне ие»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Мұхаммедреза Аштиани ұзақ қашықтыққа арналған «Бавар 373» кешенін таныстыру және «Сайяд-В4» зымырандарын өндіру желісін ашу рәсімінде: «Бавар 373» кешені алыста тұрған әуе нысандары, баллистикалық зымырандар және түрлі қырғи ұшақтар мен бомбалаушы ұшақтарға қарсы тұруға арналған. Ол 305 км қашықтықтағы нысананы атып түсіре алды»,-деді. Қорғаныс министрі «Бавар 373» кешенінің басқа да қабілеттеріне тоқтала келіп: «Кешен бір мезгілде 6 нысанамен қақтығысып, оларды жойып жібере алады. Әлемде технологиялық алпауыттардың көбі осындай кешенге қол жеткізуді армандайды»,-деді.

Тегтер