Савенің орталық мешіті – ирандық сәулет өнерінің әсем үлгісі
(last modified Mon, 14 Nov 2022 16:58:07 GMT )
Қар 14, 2022 22:58 Asia/Almaty

Діни-тарихи ғимараттардың бірі ретіндегі Савенің орталық мешітінен Ирандағы үш тарихи кезең – исламға дейінгі, исламның алғашқы ғасырлары және Сефевилер заманының белгілерін көруге болады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл тарихи мешіт шикі кірпіш пен балшықтан салынған.

Савенің орталық мешіті бір аула, оңтүстікте бір күмбез, екі терраса, бір мұнара, бірнеше намаз оқитын орын, куфа жазуымен бедерленген көптеген көне михрабтардан тұрады.

Савенің мешітінің көгілдір күмбезінің биіктігі 16 метр, диаметрі 14 метр. Көгілдір қыш тақташалармен көмкерілген күмбез асыл тастай жалтырап, мешіттің сұлулығын еселендіріп жіберді.

Савенің орталық мешіті – дін, сәулет, сурет, қыш тақташа, алебастр жапсырмасы, куфа және сұлс жазулары тұрғысынан аса құнды жәдігер.