Мешхедте екі басидж қаза тапты
Қар 18, 2022 20:08 Asia/Almaty
Иранның Хорасан-е Разави облысының орталығы Мешхед әкімі осы қалада екі басидждің (ерікті күштер) қаза тапқанын хабарлады.
Мешхед әкімі Мохсен Делавари кеше, бейсенбі күні IRNA-ға берген сұхбатында: "Қалада бүлікшілер екі басиджді пышақтап өлтірді",-деді.
Мохсен Делавари: "Кеше Мешхедтің Амель қиылысында бір топ бұзақы мен бүлікші халықты қорқытып-үркітіп, аудандағы шағын кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатуды көздеген",-деді.
Осы орайда Хорасан-е Разави облысының бас прокурорының орынбасары Рахмани қылмыс болған жерге жиналған адамдар алдына шығып: "Тура осы жерде халық алдында қылмыскерлерге қысас жасалады",-деді.
Тегтер