Иранның электр өнеркәсібінің 22-ші халықаралық мамандандырылған көрмесі
(last modified Sat, 19 Nov 2022 15:23:47 GMT )
Қар 19, 2022 21:23 Asia/Almaty
  • Иранның электр өнеркәсібінің 22-ші халықаралық мамандандырылған көрмесі

372 отандық және шетелдік компанияның қатысуымен Иранның электр өнеркәсібінің 22-ші халықаралық мамандандырылған көрмесі Теһрандағы халықаралық көрмелердің тұрақты орнында өтеді.

22-ші көрмеге Қытай, Түркия, Италия, Германия, Финляндия, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания, Чехия сияқты әлемнің 9 елінен 22 шетелдік компания және 350 отандық компания өкілі қатысуда. Иранның электр өнеркәсібінің мамандандырылған көрмесінде жарықтандыру, сым және кабель тобы, панель жасаушылар, электр жабдықтары, автоматика және бақылау-өлшеу жүйелері, электр жеткізу желілері, жұмыс берушілер, кеңесшілер мен мердігерлер салаларында өнімдер ұсынылған.