Ислам революциясының жетекшісі: Зұлымдық ауқымының аяқталатыны сөзсіз
(last modified Sat, 19 Nov 2022 15:29:49 GMT )
Қар 19, 2022 21:29 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Зұлымдық ауқымының аяқталатыны сөзсіз

Ислам революциясының жетекшісі соңғы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың негізгі мақсатын халықты алаңға шығару деп атап: «Күмәнсіз зұлымдық ауқымы аяқталып, Иран халқы елдің ілгерілеу жолында бұдан да күш-қуат пен тың рухпен алға жылжи береді»,- деді.

Аятолла Хаменеи бүгін,  сенбі күні Исфаханның жүздеген халқымен кездесуінде: «Бұл оқиғалар, қылмыстар мен қираулар адамдар мен кәсіпорындар үшін қиындықтар туғызуда. Бірақ бұл зұлымдықтардың сахнасында және артында тұрғандардың күші жүйеге зиян келтіретіннен әлдеқайда төмен. Үстемшілердің Ислам республикасына  қарсылығының басты мәселесі мынада: егер бұл жүйе дамып, әлемде өзін танытса, Батыс әлеміндегі либералдық демократия логикасы жойылады. Осы ашудың салдарынан американдықтар мен еуропалықтар барлық мүмкіндіктермен алаңға шықты. Бірақ олар ештеңе істей алмайды. Олар бұрын да ешнәрсе жасай алмаған және болашақта да жасай алмайды»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі батыстықтардың бостандық пен демократияның атымен елдердегі бостандық пен демократияға қарсы әрекет етіп жатқанына тоқталып: «Ауғанстан  американдықтар үкіметі  халыққа жақын емес деген сылтаумен шабуыл жасаған елдің жақын және айқын мысалы. Бірақ 20 жыл қылмыс пен талан-тараждан кейін амеркандықтар қарсы әрекет еткен сол үкімет билік басына келіп, олар абыройсыз бұл елден кетті»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясының жетекшісі Иранның мен үстемдіктің бетпе-бет келуінде АҚШ-тың алдыңғы қатарда және Еуропаның АҚШ-тың артында тұрғанына назар аудартып: «Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдар бойы АҚШ-тың барлық президенттері, соның ішінде Картер, Клинтон және демократ Обама, Рейган, Буш және өткен кезеңдегі республикашыл ақылы аз президенті мен Иран халқын құтқарғысы келетін қазіргі ессіз президентіне дейін барлығы ИИР-на қарсы тұрып, қолдарынан келгеннің барлығынан, соның ішінде құтырған ит ретінде сионистік режимнен және аймақтағы кейбір елдерден көмек алды»,- деді. Аятолла Хаменеи қауіп-қатерді өз пайдасына айналдыру қабілетті  иманды халықтың болмысының бір бөлігі деп атап: «Иран халқының қасиетті қорғаныста мүмкіндіктер жасау тарихы бүгінгі күнге дейін дұшпандардың әскери күш пайдалануды ойлаған сайын, Иран халқының  жеңілмейтінін түсінуіне себеп болды.  Американдықтар мен   басқа қарсыластарға: «Келулерін өз еркілерінмен, бірақ кетулерін сендерге байланысты емес. Шабуыл жасасаңдар, жойыласыңдар»,- деп сан рет айтылды»,- деп  еске салды.