Иранның Коммуникация және ақпараттық технология министрі: "Нахид" жерсерігі жуырда ғарышқа ұшырылады
https://itolqyn.com/news/iran-i65656
Иранның Коммуникация және ақпараттық технология министрі "Нахид" жерсерігінің жақын болашақта ғарышқа ұшырылатынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 20, 2022 19:07 Asia/Almaty
  • Иранның Коммуникация және ақпараттық технология министрі:

Иранның Коммуникация және ақпараттық технология министрі "Нахид" жерсерігінің жақын болашақта ғарышқа ұшырылатынын хабарлады.

Иса Зарепур "Тасним" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "Хайям" ирандық жерсерінің қазіргі жағдайы туралы: "Жерсерік жұмыс істеп тұр. Одан сурет пен видео материалдар алынып жатыр. Одан келген материалдарды қажет ететін органдармен байланыс орнатылған",-деді.

Зарепур: "Хайям" жерсерігінен мағлұмат алу орталығы Иранның әуе-ғарыш  ұйымындағы алғашқы ең ірі әрі толық жарақталған орталық болып табылады",-деді.

"Хайям" жерсерігі 2022 жылы 9 тамызда Қазақстанның ғарыш алаңынан "Союз" жерсерік тасығышымен  ұшырылды.