"Tara" ирандық автокөлігінің екінші легі Арменияға экспортталды
Iran Khodro компаниясының халықаралық істер және экспорт департаментінің басшысы "Tara" автокөлігінің екінші легінің Арменияға экспортталғанын хабарлады.
Амир Аббас Фарнуди: Iran Khodro компаниясы мен Арменияның жаңа өкілі арасында наурыз айында жаңа келісімшарттарға қол қойылды. Соған сәйкес, бізде жасалған "Tara" мен "Dena Plus" сияқты автокөліктердің алғашқы легі қыркүйек айында Арменияға жөнелтілді",-деді.
Фарнуди Iran Khodro компаниясының Армениямен түрлі өнімдер экспорттау саласында әріптестік жасау бағдарламасының дайындалғанына тоқталып: "Болашақта осы компанияның жаңа өнімдері Арменияға экспортталатын болады",-деді.
Iran Khodro компаниясының халықаралық істер және экспорт департаментінің басшысы: "Қазіргі таңда ТМД елдері үшін арнайы бағдарламалар қарастырылған. Келіссөздер қорытындыланған жағдайда хабарланатын болады",-деді.