Қар 21, 2022 19:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Аймақта медицина бойынша бірінші болу – Иранның даму белгісі

Иран Президенті медициналық қызмет көрсету бойынша аймақта бірінші, әлемде он бесінші орын алуды Иранның даму мен өсуінің белгісі деп атады.

Әлемдік саяси қысымдар мен санкцияларға қарамастан, Иран халықтың, әсіресе ғылым мен медицина салаларында белсенді жастар мен дарындардың арқасында кедергілерді еңсеріп, жақсы жетістіктерге қол жеткізді.

Ибрахим Раиси дүйсенбі күні таңертең атқарушы органдардың сегізінші штабтық бақылау жиналысына қатысу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне барып, министр мен оның орынбасарларының бір жылғы жұмыс жайлы есебін тыңдап болған соң: "Дұшпандар осы жетістіктерімізді көре алмай, кектесіп отыр",-деді.

Раиси: "Санкция астындағы Иранның халыққа қажетті дәрі-дәрмектердің 95 пайызын өзі өндіріп отырғанын және тіпті дәрі экспорттаушыға айналғанын дұшпандар мүлде қабылдай алмайтыны анық",-деді.

Тегтер