Сардар Салами: Кейінгі кездегі бүлікті америкалықтар мен израильдіктердің қабірстанына айналдырамыз
(last modified Sun, 27 Nov 2022 11:47:09 GMT )
Қар 27, 2022 17:47 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Кейінгі кездегі бүлікті америкалықтар мен израильдіктердің қабірстанына айналдырамыз

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Қазіргі таңда АҚШ, Ұлыбритания, Израиль мен Сауд Арабиясы Иранға қарсы бар күштерін салып жатыр, бірақ осы үлкен бүлік пен жаһандық соғысты дұшпандар, америкалықтар, израильдіктер мен олардың одақтастарының қабірстанына айналдыратынымыз анық",-деп баса айтты.

Генерал-майор Хұсейн Салами Систан мен Белуджистан облысының 15 мың басидж күшінің алдында сөйлеген сөзінде: "Егер бойында құрмет, абырой, еркіндік пен бостандық бар адам көргіміз келсе, бір систан-белуджистандық – соның нақ үлгісі",-деді.

Сардар Салами: "Шиіттер мен сүнниттер осы жердің халқын қорғау жолында шәһид болып, бір лаңкестік оқиғада ең мүмін адамдардың қаны араласып кеткен кезде мұнда ажырағысыз бірліктің негізі барын көрсетті",-деді.

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "АҚШ, сионистік режим мен Еуропаның басқаруындағы тәкфирлік лаңкестер Сирия, Ливан, Ирак пен Йеменге шабуыл жасағанда басидждер туған үйі мен жерін тастап, дұшпандармен күресуге аттанып, осы елдің халықтарын бөгделердің құрсауынан құтқарады",-деп еске салды.

Сардар Салами: "Дұшпан түрлі түс көріп қиялдайды, бірақ Иран мен оның революциясының берік әрі мықты екенін білмейді",-деді.