Қалибаф: Макран жағалауы – сауданы дамытуға теңдессіз мұрсат
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Теңдессіз өңір ретіндегі Макран жағалауына теңіз саудасын дамыту үшін баса назар аудару керек",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф дүйсенбі күні Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Шахрам Ирани және бір топ қолбасшылармен кездесуінде Теңіз күштері және оның шәһидтері күнін атап өтіп: "Қазіргі таңда теңіз тақырыбы стратегиялық тұрғыдан зор маңызға ие",-деді.
Қалибаф өткенге көз тастағанда ең ірі өркениеттер, қоғамдық бірлестіктер, әскери күштер, түрлі мәдени-экономикалық орталықтардың жағалауда қалыптасқанын немесе жағалаудан шамамен 150-200 км жерде орын алғанын көруге болатынын айтып: "Иран географиялық және геосаяси жағдайы тұрғысынан аса маңызды теңіздер мен жағалауларға ие",-деді.