Генерал-майор Салами: Дұшпандардың Иран туралы түстері орындалмайды
Жел 01, 2022 21:27 Asia/Almaty
Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Израиль мен АҚШ-тың басшылары Ирандағы бүліктердің артында тұр. Олар Иранға қатысты орындалмайтын түс көп көреді",-деді.
Генерал-майор Салами Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысында өткен "Қарсыласу экономикасының джиһадшылары" атты форумда: "Дұшпан халықтың тыныш өмір сүргенін қаламайды. Бұл күндері жаңа жобалар орындалып, ашылу рәсімі болып жатыр. Дұшпан Иранның қирауын қалайды. Бірақ олардың ойына керісінше исламдық Иран әлемде ірі алпауыт ретінде танылып отыр",-деді.
Сақшылар корпусының қолбасшысы дұшпанның Иран жастарына қарсы қастандықтарына тоқталып: "Олар біздің жастарымыз арабтардың артынан еруін, Иранда қауіпсіздік болмауын қалайды",-деп еске салды.
Тегтер