Қалибаф: Дұшпан Иран халқының Конституциядағы сенімдерін нысанаға алды
Иран Ислам Кеңесінің төрағасы «Конституцияның орындалуына жауапкершілік» жөніндегі ұлттық конференцияда дұшпан Иран халқының Конституциядағы негізгі сенімдерін нысанаға алғанын айтты.
Мұхаммад Бақер Қалибаф әркімнің көзқарасына, талғамына, діні мен этносына қарамастан Конституцияны құрметтеу керек екеніне назар аударып, ирандықтардың Ата Заңды өздерінің ұлттық келісімі деп санайтынын мәлімдеді. Ол: «Билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, Иранның тұтастығын сақтайтын Конституциядан артық жарамды әрі қолжетімді құжат жоқ»,- деп қуаттады. Иран Ислам Кеңесінің төрағасы сондай-ақ елдегі соңғы оқиғаларға тоқталып: «Бүгінгі дұшпан Иранның бірлігін және ұлттық және аумақтық тұтастығын нысанаға алды»,- деді.