Сақшылар корпусы: Иранның қауіпсіздік күштері бүлікшілерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді
https://itolqyn.com/news/iran-i65980-Сақшылар_корпусы_Иранның_қауіпсіздік_күштері_бүлікшілерге_кесімді_де_қатаң_қатынас_көрсетеді
Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде Жоғары соттың сионистік режимнің тыңшылық ұйымына қатысы бар адамдарды жазалағанына алғыс айтып: "Иранның қауіпсіздік күштері дұшпанға жалданған бүлікшілер, бұзақылар мен лаңкестерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 05, 2022 18:24 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы: Иранның қауіпсіздік күштері бүлікшілерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді

Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде Жоғары соттың сионистік режимнің тыңшылық ұйымына қатысы бар адамдарды жазалағанына алғыс айтып: "Иранның қауіпсіздік күштері дұшпанға жалданған бүлікшілер, бұзақылар мен лаңкестерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді",-деді.

2022 жылы маусым айында Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынас бөлімі: "Сионистік режимнің тыңшылық ұйымына қатысы бар бұзақылар желісі ұсталды",-деп мәлімдеген болатын.

Бұл топтың мүшелері сионистік режимнің барлау офицерлері арқылы басқарылып, соғыс қаруларын қолданып, адам ұрлап, өздерінің жалақыларын криптовалюта түрінде алып отырған.

Сионистік режимнің тыңшылық ұйымына қатысы бар бұзақылар желісінің 4 мүшесі жексенбі күні дарға асылды.