Қарулы операцияға дейін Иранның Орталық облысында диверсиялық топтың 12 мүшесі тұтқындалды
(last modified Tue, 06 Dec 2022 12:14:18 GMT )
Жел 06, 2022 18:14 Asia/Almaty
  • Қарулы операцияға дейін Иранның Орталық облысында диверсиялық топтың 12 мүшесі тұтқындалды

Иранның Орталық облысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланысы бөлімі шет елдермен байланысы бар 12 адамнан тұратын желіні ұстағанын хабарлады.

 

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланысы бөлімі өз мәлімдемесінде: «Орталық облысы Сақшылар корпусының қауіпсіздік қорғаушыларының тәулік бойы жүргізген күш-жігерімен облыстың қалаларыныің бірінде шет елдермен қатысы бар 12 адамнан тұратын желі анықталып, қамауға алынды. Бұл желінің мүшелері Германия мен Нидерландыда өмір сүретін Ислам революциясына қарсы агенттердің басшылығымен Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы іс-әрекеттер жүргізе отырып, әскери қаруды қамтамасыз етіп, диверсиялық әрекеттер жасауды көздеген. Барлау жүйесінің күш-жігерімен олар қандай да бір әрекет жасалмай тұрып қамауға алынған»,- деп жариялады.