Жел 07, 2022 19:14 Asia/Almaty
  • Раиси: Студенттер күні – студенттердің дұшпанды танып, оған қарсы күресіп, қырағылық танытуының символы

Иран Президенті Студенттер күнін студенттердің дұшпанды танып, оған қарсы күресуі және қырағылық танытып, жауапкершілік сезінуінің символы деп атады.

Бүгін, сәрсенбі 16 азар (7 желтоқсан) ИИР күнтізбесінде Студенттер күні деп белгіленген.

Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 16 азарда (1953 жылы 7 желтоқсанда) ирандық студенттер АҚШ-тың сол кездегі президентінің орынбасары Ричард Никсонның Иранға сапарымен бір мезгілде Вашингтонның елдің ішкі ісіне араласқанына наразылық ретінде Теһран университетінің алдында митинг өткізді.

Бұл митинг Пехлеви режимінің әскерилері тарапынан басып-жаншылды. Осы шабуылда 3 студент қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

Ибрахим Раиси Теһран университетінде өткен 16 азар рәсімінде бұл күнді ел үшін үміт күні деп атап: "Бұл күн – университеттер үшін жағдайды түсініп, шешім жолдарын ойлап, өсіп-дамудың нышаны",-деді.

Иран Президенті университетті пікір алмасып, кеңесетін орталық деп атап: "Студенттер ішкі мәселелерді шешу үшін үкіметке көмектесуі керек",-деді.

Раиси: "Студенттер қоғамдағы мәселелерді көбірек әрі жақсырақ бақылап отырады. Студенттермен байланысты мақтан тұтамын, мұны дарындардың назарын пайдалануға қолайлы мұрсат деп санаймын",-деді.

Иран Президенті: "Қазір университет дұшпанға соққы берді. Дұшпан университетті білім беру мен ғылыми дамудан кешен қалдырғысы келді. Бірақ студенттер мен ұстаздар дұшпанды сәтсіздікке ұшыратты",-деп еске салды.

Тегтер