Ардашир Лариджани: АҚШ-тың жалған уәждеріне жауап береміз
Иранның Сот органы төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары АҚШ-тың Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы негізсіз есебін теріске шығарып: «ИИР әрдайым АҚШ-тың жалған уәждеріне жауап беріп келген»,-деді.
Иранның Сот органы төрағасының орынбасары Мұхаммад Джавад Ардашир Лариджани сенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында: «Жақында АҚШ-тың Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы негізсіз есебіне қатаң жауап беріп, АҚШ-тың адам құқығы саласындағы қылмыстарын әшкере етеміз»,-деді.
Лариджани АҚШ-тың басқа елдердегі адам құқығы туралы уәждерін масқарашылық деп атап: «Адам құқығына қатысты қарсылықтың символы болып табылатын ел адам құқығының жаршысы бола алмайды»,-деп қуаттады.
Иранның Сот органы төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары АҚШ соттарының жуырдағы үкіміне тоқталып: «Иранның табандылығы ғана оларды ақылға келтіре алады. АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін ұрлауға қатысты әрекетінен «оларға ешқашан сенуге болмайды» деген маңызды сабақ алуға болады»,-деп баса айтты.