Иран Сыртқы істер министрлігі Eutelsat-тың Press TV арнасын таратуды тоқтатуына реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: «Еуропада Иранға қарсы зорлық-зомбылық пен лаңкестікті насихаттайтын көптеген арналар орналасқан жағдайда, Eutelsat спутнигі Еуропа Одағының санкцияларына байланысты Press TV арнасын тізімнен алып тастады»,- деді.
Насер Канани Чафи бейсенбі күні таңертең Twitter-де былай деп жазды: «Press TV-ге қарсы жаңа әрекет сөз бостандығы мен ақпараттың еркін ағыны туралы өтірік жар салатындардың шынайы келбетін одан сайын әшкереледі».
Француздық Eutelsat спутниктік компаниясы Еуроодақ ағылшын тіліндегі Press TV арнасына қарсы санкция салған соң бірнеше аптадан кейін желіні тоқтатты. Еуроодақ таяуда демократияны қолдаймыз деген сылтаумен ирандық жеке тұлғалар мен ұйымдармен бірге Press TV телеарнасына санкция салды. Ағылшын тіліндегі Press TV жаңалықтар арнасы соңғы жылдары спутниктік қызмет провайдерлері тарапынан жалған сылтаумен талай рет қысымға ұшырады.