Иран Қытай басшысының Сауд Арабиясына сапары кезіндегі мәлімдемелеріне жауап берді
https://itolqyn.com/news/iran-i66112-Иран_Қытай_басшысының_Сауд_Арабиясына_сапары_кезіндегі_мәлімдемелеріне_жауап_берді
ИИР Президентінің саяси орынбасары Қытай басшысының Сауд Арабиясына сапары барысындағы мәлімдемелеріне жауап берді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 10, 2022 21:49 Asia/Almaty
  • Иран Қытай басшысының Сауд Арабиясына сапары кезіндегі мәлімдемелеріне жауап берді

ИИР Президентінің саяси орынбасары Қытай басшысының Сауд Арабиясына сапары барысындағы мәлімдемелеріне жауап берді.

 

 

Isna-ның хабарлауынша, Мұхаммад Джамшиди Twitter-де Қытай басшысының Сауд Арабиясына сапары кезінде айтқан мәлімдемелеріне жауап ретінде былай деп жазды: «Қытайлық әріптестердің Сауд Арабиясы мен АҚШ Сириядағы ДАИШ пен «Әл-Қаида» лаңкестік топтарын қолдап, Йеменді аяусыз әскери агрессиямен талқандағанда, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және терроризм шығыс пен батысқа тарамау үшін лаңкестерге қарсы соғысқан Иран екенін ұмытпағандары жөн».

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Сауд Арабиясына сапары кезінде екі ел ортақ мәлімдеме жасап, мәлімдеменің бір бөлігінде Ираннан басқа елдердің ішкі істеріне араласпау сұралды.