Иран: Яри қаласы
(last modified Mon, 12 Dec 2022 12:45:48 GMT )
Жел 12, 2022 18:45 Asia/Almaty

400 га ауданды алып жатқан Яри көне қаласы Иранның солтүстік-батысындағы Ардабил облысының көрікті жерлерінің бірі саналады.

Яри қаласында 280 таңғажайып тас бар. Олар кез келген туристі баурап алады. Тастарда қолын кеудесіне қойған және қолына семсер ұстаған ауызсыз адамдар мүсіні бедерленген. Олардың кейбіреулердің биіктігі екі метрден асады. Осы мүсіндердің арасында тек бір ғана әйел мүсіні бар. Оның бетіне ауыз салынған.

Яри қаласының әскери қамалы мен ғибадатханасының тарихы б.з.д. 1450 жылдан басталады.