Раиси: Қытай басшысының аймаққа сапары кезіндегі ұстанымдары Иранның шағымдануына себеп болды
ИИР Президенті: «Қытай басшысының аймаққа жуырдағы сапары кезінде көтерілген кейбір ұстанымдар Иран халқы мен үкіметінің наразылығын тудырды»,- деді.
Ибрахим Раиси сейсенбі күні Қытай Премьер-министрінің орынбасары Ху Чунхуамен кездесуінде ИИР мен Қытайдың қарым-қатынасы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері үнемі кеңейіп келе жатқанына тоқталып: «Қытай басшысының аймаққа жуырдағы сапары барысында көтерілген кейбір ұстанымдар Иран халқы мен үкіметінің наразылығы мен шағымын туғызып, Иран мәлімдеген ұстанымдардың орнын толтыру туралы талап қойды»,- деп айтты.
Ху Чунхуа да осы кездесуде Қытай басшысы Си Цзинпиңнің ИИР басшысына сәлемін жеткізді. Ол елінің тұрақты стратегиясын және ерігінің өзгермейтіндігін атап өтіп: «Қытайдың ИИР-мен қарым-қатынастарын нығайту мен тереңдетудегі табандылығы аймақтық және халықаралық оқиғаларға қарамастан жалғаса береді»,- деді.