Сардар Аштари: Исламдық Иранның дұшпандары масқара жеңіліске ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i66284
Иран полициясының бас қолбасшысы нарративтер соғысында түсіндіру және ағарту жиһадына сүйену қажеттігін баса айтып: «Исламдық Иранның дұшпандары халық тарапынан масқара жеңіліске ұшырады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 17, 2022 18:41 Asia/Almaty
  • Сардар Аштари: Исламдық Иранның дұшпандары масқара жеңіліске ұшырады

Иран полициясының бас қолбасшысы нарративтер соғысында түсіндіру және ағарту жиһадына сүйену қажеттігін баса айтып: «Исламдық Иранның дұшпандары халық тарапынан масқара жеңіліске ұшырады»,- деді.

Сардар Аштари сенбі күні елдегі жуырдағы бүлікке сілтеме жасай отырып: «Кез келген жағдайда дұшпан өзінің сұмдық және жасырын мақсаттарына жетуге тырысады, осылайша олар халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығына зиянын тигізіп, ИИР-ның қасиетті жүйесін құлату жоспарларын жүзеге асыруы мүмкін»,- деп мәлімдеді.

Сардар Аштари сөзінің тағы бір бөлігінде исламдық жүйенің жаулары мен зұлымдарының соңғы кездегі қастықтарына, гибридтық соғыс пен психологиялық операцияларға тоқталып: «Полиция күштері қауіпсіздік пен халықты қорғау үшін іс-қимыл алаңында халықпен бірге болып, дұшпандардың жоспарлары мен қастандықтарының алдын алды»,- деді.